Әли Ахмедов сенсациялық жеңілістен соң шешім қабылдады

Әли Ахмедов сенсациялық жеңілістен соң шешім қабылдады
Бокс

Іnstagram-парақшасы ali_akhmedov_officialpage

Жекпе-жектердің екінші орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (23-2, 17 КО) үзілістен кейін қайтадан жаттығуға кірісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

28 ақпанда Астанада Әли күтпеген жерден поляк боксшысы Мачей Сулецкийден (33-3, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңіліп қалды. Бұл жекпе-жек WBC Silver белбеуі үшін өтті. Осы жеңілістен кейін боксшы біраз уақытқа үзіліс алып, жаттығуды тоқтатқан болатын.

Алайда жуырда Ахмедовтың әріптесі Жанқош Тұраров Instagram парақшасына залда түскен фотосын жүктеді. Суретте Жанқош Әлимен және бапкер Сағатбек Мұсахановпен бірге бейнеленген. «Жаттығу лагері», — деп жазды Жанқош.

Әзірге Әли Ахмедовтың рингке қашан оралатыны және келесі жекпе-жегі жайлы нақты мәлімет жоқ.