Конор МакГрегор UFC-ге қайта оралады

Жекпе-жек
UFC-дің бұрынғы чемпионы әрі басты жұлдызы Конор МакГрегор (22-6) араға ұзақ үзіліс салып, ММА-ға оралуы мүмкін. Бұл туралы Bassport.kz BloodandSweat сілтеме жасап хабарлайды.
Ирландиялық файтердің өкілі мәлімдегендей, Конор жыл соңына дейін октагонға қайта шығуға дайын.
— Конордың қайтып келуі - нақты ұсыныстар мен қарсыластарға байланысты. Бірақ ол дайын, - деді агент.
Айта кетейік, 36 жастағы МакГрегор соңғы сегіз жекпе-жегінің бесеуінде жеңіліс тапты. 2021 жылы Дастин Порьемен өткен айқаста ауыр жарақат алып, содан бері жекпе-жекке шыққан жоқ.