Birmingham Mail: "Барселона" өз шабуылшысын "Астон Виллаға" 50 млн € сатуы мүмкін

Birmingham Mail:
Футбол

Gualter Fatia/Getty Images

«Астон Вилла» "Барселонаның" 25-жастағы шабуылшысы Ферран Торреске қызығушылық танытуда, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

"Birmingham Mail" ақпараты бойынша осы жазда бирмингемдік клуб испандық футболшыны осы маусымда өз қатарларына қосуы әбден мүмкін. Каталондықтар футблшыны 50 млн € төмен бағаға сатпаймыз деп жатқан көрінеді.

Осы маусымда Торрес барлық турнирлерде 45 матчқа қатысып, 19 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, футболшының нарықтық құны 28 миллион еуроны құрайды.