Қазақстан құрамасы ӘЧ-2025 алдындағы мәлімдемесін жасады

Қазақстан құрамасы ӘЧ-2025 алдындағы мәлімдемесін жасады
Хоккей

Антон Вымотов/Ice Hockey

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының ойыншысы Тамерлан Гайтамиров, Qazaqstan Hockey Open турнирінің үздік қорғаушысы атанған хоккейші, Беларуське қарсы матч жайлы пікір білдіріп, әлем чемпионатына дайындықтың бірінші кезеңін қорытындылады. Бұл жөнінде Bassport.kz SPORT+ порталына сілтеме жасап хабарлайды.

— Тамирлан, турнирдегі екінші ойынды жақсы өткіздіңдер. Не айтасың?

— Жақсы, қарқынды ойын болды. Беларусь құрамасы – мықты қарсылас, сапалы ойын көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Осындай мықты құрамалармен ойнау — үлкен тәжірибе. Әлем чемпионатында да осындай деңгейдегі қарсыластар болады. Әрине, жанкүйерлерді жеңіспен қуантқымыз келді, бірақ бұл екі ойынды маусымдағы басты бастауға дайындық кезеңі ретінде қарастыру керек. Енді бапкерлер штабы қателіктерімізді талдап, не істеу керегін көрсетеді. Уақыт аз қалды, сондықтан қалған дайындық кезеңін барынша тиімді өткізуіміз керек.

— Беларусьпен ойынның соңында біршама шиеленіс болды, кішігірім төбелестер де орын алды. Бұл жолдастық турнир болса да...

— Турнир жолдастық болғанымен, бұл — хоккей. Ешкім жеңілгісі келмейді, бәрі өз мінезін көрсеткісі келеді. Қай матч екені маңызды емес, біз мұз айдынына тек жеңіс үшін шығамыз. Жанкүйерлерге сапалы ойын сыйлағымыз келеді. Осы сәтті пайдаланып, жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді — трибуналар өте дауысты болды. Бұл жолы болмады, бірақ қуанышты сәттер алда деп сенеміз.

— Әлем чемпионатына дайындықтың бірінші кезеңін қалай бағалар едің?

— Жақсы жұмыс атқардық. Бірақ 100 пайыз өзімізге көңіліміз толды деуге болмайды, әрдайым өсу керек. Бапкерлер штабы біз қандай ойын көрсетуіміз керек екенін, қай бағытта жұмыс істеуіміз керегін түсіндірді. Сонымен қатар, құрамға Леонид Григорьевич Тамбиев қосылды — бұл да қызықты тәжірибе, оның да өзіндік көзқарасы бар. Алдағы уақытта да жоспарға сай жұмыс істеуіміз қажет. Бәріміз бір бағытта педаль айналдырып, ел үшін күресеміз.

— Қақпашылар мәселесіне қайта оралмай кету мүмкін емес. Бүгін Максим Павленко өзін жақсы көрсетті емес пе?

— Әрине. Клуб пен құраманың екі негізгі қақпашысы жарақат алған кезде, бұл назардан тыс қалмайды. Бірақ бұл — спорт, мұндай жағдай кез келгеннің басына түсуі мүмкін. Бүгін Макс Павленко сенімді көрінді, бізді ойында ұстап тұрды. Жалпы, бізде үш жоғары деңгейлі қақпашы бар, біз өз жұмысымызды істеуіміз керек. Қорғаныста тәртіппен ойнап, соққыларды тосып, кім қақпада тұрса да, біртұтас команда болып әрекет етуіміз қажет — ол Макс болсын, Серёга Кудрявцев болсын, не Джела Амирбеков болсын.

— Данияда өтетін топтық кезеңдегі қарсыластар жайлы не айтасың? Кестеге қарасақ, алғашқы үш ойын шешуші секілді көрінеді...

— Бұл пікірмен келісе қоймаймын. Біз үшін барлық матч өте маңызды болады — біріншісі де, соңғысы да. Бапкерлер мұны бірнеше рет айтты — біз үшін кімге қарсы шығатынымыз маңызды емес. Қарсыластар туралы бәрі біледі, бәріміз таныспыз. Сондықтан әр ойынға 200 пайыз дайын болып, тек жеңіс үшін шығуымыз керек. Бізге осындай құрмет бұйырды — элитада ел намысын қорғау. Енді лайықты өнер көрсетіп, жанкүйерлерімізді қуантуға тырысуымыз қажет.