Царукян арқа жарақаты жайлы - "Қозғалмақ түгілі, орнымнан тұра алмадым!

Getty Images
Жеңіл салмақтағы UFC рейтингінің көшбасшысы Арман Царукян 70 кг салмақ дәрежесі бойынща UFC чемпионы Ислам Махачевке қарсы реваншқа қатыса алмауына басты себебі арқа жарақаты жайлы тереңірек түсіндіріп берді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты. Олардың жекпе-жегі UFC 311 турнирінде болуы керек еді.
«Бұл жарақат мені соңғы екі жыл бойы мазалап келеді. Мен бір кезде белімді ауыртып алдым. Егер ескі жарақатың болса, жаттығу жасағанда немесе салмақ түсіргенде, ол міндетті түрде қайта сезіле бастайды.
Мен эйрбайкте (арнайы жаттығу велосипеді) отырып белімді ауыртып алған жоқпын. Оның алдында, бір күн бұрын мен жекпе-жек өткіздім. Ұйықтауға жаттым, сол кезде белімнің сыздап тұрғанын сездім. Бұл сәрсенбі мен бейсенбіге қараған түні болды. Таңертең оянсам, белім ауырып жатыр.
Маған жай ғана қыздырынып алсам, бәрі өтеді деп көрінген. Бірақ эйрбайкпен жаттығуды бастағаным сол еді, қайтадан бұлшық ет түйіліп, спазм пайда болды. Сол себепті мен мүлдем қозғала алмадым.
Белін жұлып алған адамдар, әсіресе седалищный нерв (ұзын жүйке талшығы) ауырған қандай болатынын білетіндер, ондай жағдайда бірнеше күн мүлдем жату керек екенін жақсы түсінеді — сонда ғана жазылуы мүмкін.
Махачевпен қарымта жекпе-жек үшін мен өте үлкен қаламақы алатын едім. Бірақ мен жекпе-жекке ақша үшін емес, титул үшін шығуға дайын болдым. Сол себепті жарақатпен шығуға зауқым болмады.
Ауырған белім салдарынан өз жеңісіме сенім болмады. Тіпті өлшеу рәсімінің алдында таңертең төсектен тұра алмай, қозғала алмай жаттым», — деді Арман Царукян MONK3 YouTube арнасына берген сұхбатында.