«Реал» Альваро Каррерасты сатып алу үшін «МЮ»-ды пайдаланбақ (As)

"Реал Мадрид Кастилья"
«Реал Мадрид» Альваро Каррерасты сатып алу үшін «Манчестер Юнайтедті» делдал ретінде қолданғысы келеді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, танымал AS басылымына сілтеме жасай отырып.
As басылымының хабарлауынша, Каррерас — мадридтік клуб үшін сол қапталдағы қорғаушы позициясына негізгі трансферлік нысана. Бірақ қазіргі кезде ол өнер көрсетіп жүрген «Бенфика» ойыншыны 60 миллион еуроға бағалап отыр және бұл сомадан бас тартуға ниетті емес.
Алайда «Реал» бұл соманы төлеуге дайын емес. Сондықтан олар трансферді айналып өтудің жолын іздеп жүр. Бұған «Манчестер Юнайтед» көмектесе алады, өйткені дәл осы клуб Каррерасты бұған дейін 6 миллион еуроға «Бенфикаға» сатқан болатын. Ол келісімшартта «қайта сатып алу» (buy-back) құқығы көрсетілген — «МЮ» 18 миллион еуроға ойыншыны қайта сатып ала алады.
Ақпарат көзінің мәліметінше, «Реалдың» жоспары — осы бапты пайдалану. Яғни, «Манчестер Юнайтед» Каррерасты 18 миллион еуроға қайта сатып алып, бірден «Реалға» 30-35 миллион еуроға сатады.
Осылайша, «Реал» қалаған футболшысын арзанырақ алады, ал «МЮ» бұл келісімнен қосымша табыс табады.