Олимпиада жүлдегері Ұлттық құрама бас бапкері атанды

Олимпиада жүлдегері Ұлттық құрама бас бапкері атанды
Басқа

ҚТФ

Каратэден (WKF) Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Дархан Асаділов Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дархан кәсіби спортта айтулы жетістікке қол жеткізген. Бұл қатарда Токио Олимпиадасындағы (-60 кг) қола жүлдені, әлем чемпионатының күмісі (2008) мен қоласын (2018), Гуанчжоудағы Азия ойындарының алтынын атап айтуға болады. Сондай-ақ ол - спорттың осы түріндегі ең беделді жарыс Karate-1 Премьер-лига бәсекесінің 8 дүркін жеңімпазы.

Айта кетейік, Дархан Асаділов осыған дейін Шымкент қаласындаға спорт мектебінде және Қазақстан жастар құрама командасында жаттықтырушы болды.

Асаділов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы халықаралық жарыс мамырдың аяғында Ташкентте өтетін Азия чемпионаты болады.