Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов жайлы күтпеген пікір білдірді

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов жайлы күтпеген пікір білдірді
Жекпе-жек

Chris Unger/Zuffa LLC

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы UFC жауынгері Дияр Нұрғожай АҚШ-та бір залда жаттыққанына қарамастан, отандасы, жартылай орта салмақтағы UFC файтері Шавкат Рахмоновпен таныс емес екенін айтты, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

— Біз таныс емеспіз. Бірге жаттыққан да жоқпыз. Ал Асу [Алмабаев] екеуміз жақын араласамыз. Ол екеуміз бұрыннан бері доспыз. Ал Шавкат екеуміз бір-бірімізді білеміз, бірақ бірге жаттыққан емеспіз, жолдарымыз түйіспеді. Бірге дайындыққа шығудың сәті түскен жоқ. Онымен жаттыққым келе ме? Иә, неге болмасқа? Спаринг жасауға болады. Менің ойымша, біз Kill Cliff-те кездесеміз. Қазір оның маңызды кезеңі, ол жақсы қалпына келуі керек. Оған да сәттілік тілеймін, жарақатсыз болсын, жазылып, белбеуді Қазақстанға алып келсін. Егер ол белбеуді Қазақстанға алып келсе, бұл біздің ММА-мыз үшін, жастарымыз үшін, жасөспірімдеріміз үшін спортта үлкен серпіліс болады. Содан кейін спортқа көп бала келеді. Балаларды ММА-ға беретін болады, – деді ол SarbazPodcast эфирінде.