Леброн Джеймс Лука Дончичтің сырқаты жайлы: - команда үшін ауыр соққы

Баскетбол
Getty Images
Ұлттық баскетбол қауымдастығының (ҰБА) төрт мәрте чемпионы, «Лос-Анджелес Лейкерс» командасының 40 жастағы америкалық шабуылшысы Леброн Джеймс бірінші раундтың үшінші матчында «Миннесота Тимбервулвзға» қарсы ойында «Лейкерс» жұлдызы, словениялық қорғаушы Лука Дончичтің өзін жайсыз сезінуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«Оның ауырып қалуы біздің командаға айтарлықтай әсер етуде. Біз оның командаға не әкелгенін және ақпан айындағы ауыстырылымнан кейін қандай жетістіктерге жеткенін жақсы түсінеміз. Сондықтан оның ауруы біз үшін үлкен соққы болды», – деп Лебронның сөзін ESPN басылымы келтіреді.
Қазіргі уақытта сериядағы есеп «Миннесотаның» пайдасына 2-1 болып тұр.