Баходир Джалолов қазақ жерінде туған боксшыны кумирі деп атады

Баходир Джалолов қазақ жерінде туған боксшыны кумирі деп атады
Бокс

Әлеуметтік желі

Өзбекстанның қос дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов боксқа алғаш келген кезде кімге қарап өскенін айтып, кумирін атады, деп хабарлайды Bassport.kz.  

— 14 жасымда менің кумирім Владимир Кличко болды. Дәл сол кезде бокспен айналыса бастадым. Маған оның стилі қатты ұнайтын, — деді Джалолов Sport.ua сайтына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Баходир 2025 жылы үш немесе төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Еске салайық, 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде Джалолов украиналық Игорь Шевадзутскийді төрешілер шешімімен жеңіп, кәсіби мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетерлігі, Владимир Кличко - Семей қаласында туған. Кейін 9 жасында отбасымен бірге Украинаға көшкен. Ол өз карьерасында WBA, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы болған.