Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда УЕФА президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда УЕФА президентін қабылдады
Футбол

Akorda.kz

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев УЕФА президенті Александер Чеферинді қабылдады, деп хабарлайды Bassport.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы УЕФА-ның Қазақстанға көрсетіп жатқан қолдауы мен көңіл бөлуін жоғары бағалады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда футболмен 1 миллионнан астам қазақстандық, яғни спортпен шұғылданушылардың 13%-ы айналысатыны, бұл спорт түрінің елдегі жоғары танымалдылығын көрсететіні атап өтілді.

Мемлекет басшысы отандық футболда тұрақты нарықтық бизнес-модель қалыптастырудың және клубтық менеджментті дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған білім беру және алмасу бағдарламаларын іске асыруда УЕФА-ны қолдады.

Өз кезегінде Александер Чеферин Қазақстанмен серіктестікті кеңейтуге дайын екенін білдіріп, УЕФА мен Қазақстан футбол федерациясы арасында тығыз өзара іс-қимыл орнатылғанын атап өтті.