Тер Штеген Испания Кубогының «Реалға» қарсы финалына «Барсаның» шақырылған тізіміне енді

Тер Штеген Испания Кубогының «Реалға» қарсы финалына «Барсаның» шақырылған тізіміне енді
Футбол

STUART FRANKLIN/GETTY IMAGES

Марк-Андре тер Штеген Испания Кубогының финалына «Барселонаның» шақырған футболшылар тізіміне кірді. Каталондық команданың қақпашысы тізе жарақатынан қыркүйектің соңынан бері ойнаған жоқ. Ол операция жасатып, наурыз айының соңында жалпы топпен жаттығуға қайта оралды.

Ла Лиганың ағымдағы маусымында 32 жастағы футболшы 6 ойын өткізді.

Испания Кубогының финалында «Барселона» «Реалға» қарсы ойнайды. Матч 27 сәуірде Севильяда өтеді.