Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионына сөзіз қауіп төндірді

instagram.com/janibek_alimkhanuly
Орта салмақта WBO/IBF чемпионы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері доминикандық Карлос Адамеспен титулдарды біріктіруге деген ниетін тағы да еске салды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Бұл ретте «Қазақ стилі» өз ниетін сөзсіз білдірді — өзінің Х әлеуметтік желісінде ол екі эмодзиі бар пост жариялады: монокль киген адам және шауып бара жатқан ат. Осылайша Жәнібек Адаместі «бақылап жүргенін» меңзеді — доминикандықтың Bronco лақап атын «жабайы айғыр» деп аударуға болады.
Жақында инсайдер Broadway Joel Әлімханұлы мен Адамес тараптары арасында шілде айында біріктіру жекпе-жегін өткізу туралы келіссөздер басталғаны туралы хабарлады. Екі боксшы да жақында ғана жекпе-жек өткізді. Карлос ақпанда британдық Хамза Ширазбен тең түсті, ал Жәнібек сәуір айының басында франциялық Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа жіберді.