Сон "Ноттингем Форестке" қарсы ойынға қатыспайды

Сон
Футбол

Адриан Дэннис

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Анже Постекоглу бұл жағдайға түсініктеме беріп, Сонның біраз уақыттан бері аяқ жарақатымен ойнап жүргенін, енді оны тынықтыратын уақыт келгенін айтты. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Сонның нақты қанша уақытқа алаңнан тыс қалатыны белгісіз, - деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

«Сонни бұл ойында да ойнамайды», – деді Постекоглу. «Ол көптен бері аяғындағы жарақатпен күресіп жүр. Қазір – бұл мәселені шешудің ең қолайлы уақыты. Сондықтан дүйсенбі күнгі матчты да өткізіп алады».

«Бұл жарақат біраз уақыттан бері оған тыныштық бермей келеді. Тіпті нашарлай бастағандай болды. Мұндай жарақат кезінде тынығу – ең басты емнің бірі. Біз оған біраз уақыт бергіміз келеді. Өйткені Сонни – әрдайым жаттығуға құлшынып жүретін жігіт. Енді бірнеше күн мұз қойып, демалуға мәжбүр боламыз да, кейін қалай қабылдайтынын көреміз».
Сонымен қатар, жартылай қорғаушы Джеймс Мэддисон да жарақатына байланысты күмән тудырып отыр. Ол «Франкфуртке» қарсы ойында қақпашы Кауа Сантоспен соқтығысып, жарақат алған болатын.Сонымен қатар, жартылай қорғаушы Джеймс Мэддисон да жарақатына байланысты күмән тудырып отыр. Ол «Франкфуртке» қарсы ойында қақпашы Кауа Сантоспен соқтығысып, жарақат алған болатын.