Ғұсман Қырғызбаев: «Маған қатты әсер етті»

Дзюдо
ҰОК
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев жанкүйерлер тарапынан айтылған сын туралы SPORT+ берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
— Олимпиадаға барар алдында бір жанкүйердің пікірін көзім шалып қалды. Ол «Біздің спортшылардың мақсаты жоқ, Парижге турист ретінде бара жатыр» деп жазған екен. Бұл сөз маған қатты әсер етті. Әрине, мұндай пікірлерді Елдос Сметов екеуіміз бұрын да көп естігенбіз. Сол кезде «Кім медаль алады, ал кім алмайды – оны уақыт көрсетеді» деп ойладым. Осындай пікірлер мен үшін қосымша мотивация болды. Іштей ренжідім, бірақ сонымен бірге керісінше екенін дәлелдеуге дайын болдым, — деді Қырғызбаев.