Елдос Сметов отбасымен бірге шетел әуежайында көзге түсті (ФОТО)

Дзюдо
Әлеуметтік желі
Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Франция астанасындағы Шарль де Голль әуежайында отбасымен бірге байқалды. Бұл туралы Bassport.kz Liter.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Спортшының жары Instagram-stories-те бір сурет жариялаған. Онда Елдос эскалатормен түсіп келе жатып, чемодан үстінде отырған ұлын сүйемелдеп келе жатқан сәт бейнеленген.
Суреттен 32 жастағы дзюдошының отбасына деген ерекше қамқорлығы мен мейірімі көрініп тұр. Бұл кадр жанкүйерлер арасында жылы пікір тудырып, көпшіліктің көңілінен шықты.
Айта кетейік, жыл басынан бері спортшы Англияда оқу-жаттығу жиындарында болып, Италия мен Францияға да сапар шеккен.