Ақмарал Науатбек - әлем кубогы чемпионы

Ақмарал Науатбек - әлем кубогы чемпионы
Дзюдо

Gov.kz

Тбилисиде (Грузия) өтіп жатқан парадзюдодан Әлем кубогында Ақмарал Науатбек (J2, -52 кг) топ жарып, алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz ҚР ТСМ Спорт комитетіне сілтеме жасап.  

Финалда ол Германия өкілі Изобель Тайды ұстау әдісімен жеңді. 

Бұл Ақмаралдың Олимпиада чемпионы белгісі – Алтын нашивкамен алғаш рет өнер көрсеткен жарысы болды.