Месси Гвардиоланың қазіргі футболға қалай зиян келтіргенін айтып берді

Месси Гвардиоланың қазіргі футболға қалай зиян келтіргенін айтып берді
Футбол

Әлеуметтік желі

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси әйгілі бапкер Хосеп Гвардиоланың қазіргі футболға әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап.

— Гвардиола — мүлде басқа әлем. Ол басқалар көрмейтін нәрсені көреді. Ол футболды түбегейлі өзгертті. Барлығы бізді қайталағысы келді. Бірақ бұл арқылы ол ойынды бір жағынан байқаусызда бүлдірді: адамдар біздің «Барселонадай» ойнауға тырысты, бірақ бұл қалай жұмыс істейтінін түсінбейтін. Бізде Хави, Иньеста, Бускетс секілді ерекше құрам болды. Бұл – бапкер мен ойыншылардың мінсіз үйлесімі еді, — деді Месси Sportskeeda порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Лионель Месси 2023 жылдың жазынан бері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнап келеді. Осы уақыт аралығында аргентиналық жұлдыз 49 матчқа қатысып, 42 гол соғып, 21 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін күшінде. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның нарықтық құны — 20 миллион еуро.