Сұлтан Заурбекке жеңістен кейін жақсы жаңалық жетті

Сұлтан Заурбекке жеңістен кейін жақсы жаңалық жетті
Бокс

Нұрғали Жұмағали

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек (20-0, 13 KO) IBF рейтингінде өз позициясын жақсартты. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жариялаған жаңартылған рейтингте «Қазақ королі» лақап атымен танымал Заурбек бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.

Қазіргі таңда рейтингтің бірінші сатысында мексикалық Эдуардо Нуньес (27-1, 27 KO) тұр. Екінші орын бос, ал үшінші орынға жапониялық Масанори Рикииши (16-1, 11 KO) жайғасқан. IBF тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы негізгі чемпиондық белбеу иесіз.

Еске салайық, 5 сәуір күні Астанада өткен бокс кешінде Сұлтан Заурбек Оңтүстік Африка Республикасынан келген Азинга Фузилені (18-3, 12 KO) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, IBF Inter-Continental белбеуін иеленген болатын.