IBF Баходир Жалоловтың Астанадағы жекпе-жегінен кейін ресми шешім қабылдады

IBF Баходир Жалоловтың Астанадағы жекпе-жегінен кейін ресми шешім қабылдады
Бокс

Olympic.uz

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Астанада өткен бокс кешінен кейін өзбекстандық ауыр салмақтағы боксшы Баходир Жалоловты (15-0, 14 KO) ресми рейтингке қосты. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

5 сәуірде Жалолов Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге арасындағы бокс кешінің андеркартында өнер көрсетіп, украиналық Игорь Шевадзутскийді (12-3, 10 KO) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Жекпе-жек «Үлкен өзбек» үшін оңай соқпағанымен, ол кәсіби мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді.

IBF жаңартылған рейтингінде Баходир 13-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, аталған салмақ дәрежесінде IBF чемпиондық белбеуі Ұлыбританиялық Даниэль Дюбуаға (22-2, 21 KO) тиесілі.