Милич Чурчич «Қызылжардың» бас бапкері атанды

Әлеуметтік желі
Сербиялық маман Милич Чурчич Петропавлдың «Қызылжар» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Bassport.kz «Серый CARDINAL» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
— Милич Чурчич — «Қызылжар» ФК-ның жаңа бас бапкері. Алайда ол бүгінгі кубоктық матчта командаға жетекшілік етпейді. Ресми таныстырылым келесі аптада өтеді, сол кезде ол жаңа қызметіне ресми түрде кіріседі, — деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы төрт турынан кейін «Қызылжар» турнир кестесінде 2 ұпаймен 11-орында тұр.
Милич Чурчич қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс маман. Ол бұған дейін «Атырау» және «Тобыл» клубтарында жұмыс істеп, Қостанай ұжымымен Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған болатын.