10–16 сәуір аралығында Бакуде әйелдер арасындағы бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирі өтеді

nur.kz
Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлағандай, 10–16 сәуір күндері Әзірбайжанның астанасы Баку қаласында бокстан әйелдер арасындағы «Жібек жолы» халықаралық турнирі өтеді.
Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар штабы аталған жарысқа қатысатын боксшылар тізімін жариялады:
48 кг дейін: Ақбота Болат, Гүлназ Бөрібаева, Роксана Гасымова
50 кг дейін: Элянур Тұрғанова
52 кг дейін: Томирис Мырзақұл, Анжа Сәдуақасова
54 кг дейін: Элина Базарова, Сымбат Әлиасқар
57 кг дейін: Шахназ Исаева, Виктория Байдукова
70 кг дейін: Бақыт Сейдіш, Азиза Исина
81 кг жоғары: Дина Исламбекова, Әсел Тоқтасын
Құрама сапында еліміздің тәжірибелі және жас дарынды спортшылары біріккен. Жарыс алдағы маңызды халықаралық турнирлерге дайындықтың бір бөлігі болмақ.