Қазақстандық жас боксшы Гимназиадада чемпион атанды

ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Сербияның Златибор қаласында өтіп жатқан жазғы ISF U-15 Дүниежүзілік мектеп Гимназиадасында қазақстандық боксшы Айбек Садық алтын медаль жеңіп алды.
Айбек финалда украиналық Маланчукты ұтып, 13–15 жас аралығындағы әлемнің үздік жас спортшылары жиналған байрақты додада топ жарды. Бұл – Қазақстан құрамасының жарыс барысында еншілеген жетінші жүлдесі.
Айта кетейік, Айбек Садық — ауыл жастарына арналған Auyl Sport жобасының түлегі. Осы бастама арқылы елді мекендерден шыққан талантты спортшыларға үлкен спортқа жол ашылған. Айбектің жеңісі — осы жобаның нақты нәтижесі.
ISF U-15 – жасөспірім спортшылар үшін ең ірі халықаралық жарыстардың бірі. Биылғы додаға 55 елден 2500-ге жуық оқушы қатысуда. Қазақстан құрамасынан 23 спортшы төрт спорт түрінде сынға түсіп жатыр: бокс, дзюдо, еркін күрес және шахмат.