Канело Криштиану Роналдуды жекпе-жекке шақырды

K-News
WBC, WBA және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альварес (62-2-2, 39 KO) португалиялық футбол жұлдызы Криштиану Роналдуды өзінің алдағы жекпе-жегіне шақырды. Бұл туралы Bassport.kz latinus басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
3 мамыр күні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Альварес IBF чемпионы, кубалық Уильям Скаллға қарсы жекпе-жек өткізеді. Осы жекпе-жек алдында Канело Криштиану Роналдудың қатысатынына сенімді екенін жеткізді.
— Ол міндетті түрде сол жерде болуы керек. Оның ұлы менің жанкүйерім екенін әрдайым айтатын. Біз бұл туралы сөйлескенбіз. Мен жаттығу кезінде оны көруге барамын. Қазір ол Эр-Риядта, сондықтан жекпе-жекке келеді — бұл анық, — деді Альварес.
Айта кетейік, Альварес бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын екінші рет иеленуі мүмкін.
Канело соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың қыркүйегінде Эдгар Берлангаға қарсы өткізіп, 12 раундқа созылған кездесуде төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.