Қазақстанның үздік қорғаушысы белгілі болды. Ол, Нұралы емес

Футбол
kff.kz
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының жартылай қорғаушысы Карина Жұмабайқызы дәл қазіргі уақыттағы үздік отандық қорғаушылар жайлы пікір білдірді деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Карина "Астана" және "Ақтөбе" қорғаушыларын атап өтті.
"Қазақстандық үздік қорғаушы? Егер шеткі қорғаушылар жайлы айтсам, онда Марат Быстров. Орталық қорғаушылардан - Әлібек Қасым. Өте ұқыпты, орнымен қатал және өзіне сенімді", - деді Карина Sport+ берген сұқбатында.
Әлібек осы маусымда "Ақтөбе" футбол клубының капитаны. Ол ҚПЛ-2025 маусымының барлық төрт ойынында алаңға шықты.
Марат Быстров "Астана" футбол клубының қорғаушысы. Биылғы маусымда елордалық клубтың қосалқы құрамының ойыншысы. Әзірге бірде бір ойында алаңға шықпады.