Қазақстандық клуб "Астананың" экс-қақпашысын өз қатарына қосты

Қазақстандық клуб
Футбол

24 жастағы қазақстандық қақпашы Владислав Саенко «Жеңіс» футбол клубының сапын толықтырды, деп хабарлайды Bassports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Влад – "Астана" футбол клубының түлегі. Ол жасөспірімдер құрамында «Астана» клубының сапында ойнап, Қазақстанның Екінші лигасында және УЕФА-ның Жасөспірімдер лигасында өнер көрсетті. Сонымен қатар, «Ақжайық», «Қызылжар» және «Екібастұз» клубтарында да тәжірибе жинақтады. Өткен маусымда «Атырау» командасының намысын қорғаған.

2023 жылғы маусымда Влад «Жеңіс» клубының сапында ойнап, Қазақстанның Бірінші лигасы аясында екі матчқа қатысты.