Ламин Ямаль: 18-ге толмай жатып, Чемпиондар лигасының жаңа рекордын орнатты

championat.com
«Барселона» клубының жас вингері Ламин Ямаль футбол тарихындағы рекордтарды жаңартуды жалғастыруда, деп хабарлайды Bassport.kz.
Чемпиондар лигасындағы «Боруссияға» (4:0) қарсы өткен матчта Ямаль осы турнирде 18 жасқа дейін 20 ойын өткізген алғашқы футболшы атанды. Бұл ойында ол гол соғып, өз есебіне тағы бір жарқын статистика қосты.
2023/24 маусымы жас талант үшін нағыз серпіліс болды:
– 43 матч «Барселона» сапында,
– 14 гол,
– 20 нәтижелі пас.
Оның клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде, ал Transfermarkt порталы жас ойыншының нарықтық бағасын 180 миллион еуроға дейін көтерді.
Айта кетейік, бұған дейін аңызға айналған Роналдиньо да Ямальдың ойынына жоғары баға берген болатын.
Ямаль тек клубтық деңгейде ғана емес, Испания құрамасында да рекорд жаңартты: ол УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде гол соққан ең жас ойыншы атанды. Сонымен қатар, 2024 жылы Испания құрамасы сапында Еуропа чемпионатын жеңіп алды.