Чемпиондар лигасында күтпеген жартылай финал (ВИДЕО)

EPA-EFE/TOLGA AKMEN
2024/25 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының ширек финалы аяқталды. Жартылай финалға жолдама алған соңғы екі команда — лондондық «Арсенал» мен миландық «Интер» болды. Екі клуб та турнирдің басты фавориттерінің бірі саналған «Реал Мадрид» пен «Баварияны» жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Арсенал Мадридте де үстем болды «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен қарымта ойында «Арсенал» «Реалды» 2:1 есебімен жеңді. Осылайша қос ойын қорытындысы бойынша 5:1 есебімен жартылай финалға жолдама алды.
Ойынның басында Мбаппе гол соққанымен, ол офсайдқа байланысты есепке алынбады. 13-минутта Букайо Сака пенальтиден мүлт кетсе, арада бірнеше минут өткен соң төреші VAR арқылы «Арсенал» қақпасына белгіленген пенальти шешімін де кері қайтарды.
65-минутта Сака есеп ашып, араға екі минут сала Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді. Алайда, қосымша уақытта Габриэл Мартинелли соңғы нүктені қойып, «канонирлердің» басымдығын нықтады.
Миландық «Интер» өз алаңында «Бавариямен» 2:2 есебімен тең ойнады. Бірақ бірінші ойында Германияда 2:1 есебімен жеңіске жеткен «Интер» қос ойын қорытындысы бойынша 4:3 нәтижесімен жартылай финалға жолдама алды.
Ойынның 52-минутында Гарри Кейн есеп ашса, арада көп өтпей Лаутаро Мартинес таразы басын теңестірді. Бірнеше минуттан соң Бенжамен Павар есепті 2:1-ге жеткізді. Алайда, 76-минутта Эрик Дайер гол соғып, матчтағы соңғы есепті белгіледі.
Жартылай финал жұптары
Енді жартылай финалда «Арсенал» ПСЖ-мен кездессе, «Интер» «Барселонаға» қарсы ойнайды.