Қуаныш Қанапия Еуропа Лигасы матчына делегат болып тағайындалды

Қуаныш Қанапия Еуропа Лигасы матчына делегат болып тағайындалды
Футбол

Kff.kz

17 сәуір күні римдік «Олимпико» стадионы Еуропа Лигасының 1/4 финал аясында италиялық «Лацио» және норвегиялық «Будё-Глимт» арасындағы кездесуді қабылдайды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты, Қазақстан Футбол Федерациясына сілтеме жасап.

Бұл ойынға УЕФА делегаты ретінде отандық маман Қуаныш Қанапиянов бекітілді.

Түсіндіре кетсек, УЕФА бекіткен делегаттар УЕФА ресми делегаты ретінде қызмет атқарады, сондай-ақ, ойын алдындағы жиындарды қадағалап, ойын біткенде өз бағасын береді. Сонымен қатар, делегат матчты ұйымдастырушылардың жұмысын, инфрақұрылымдық аспектілер мен қауіпсіздік жөніндегім мәселелерді қадағалайды.