UTLC Ice Cup 2025: «Авангард» дебюттік маусымда чемпион атанды

UTLC Ice Cup 2025: «Авангард» дебюттік маусымда чемпион атанды
Хоккей

Астанада өткен UTLC Ice Cup 2025 халықаралық хоккей турнирі өз мәресіне жетті.

Биыл бесінші рет ұйымдастырылған додада финалға Ресейдің екі мықты командасы — «Локомотив» пен алғаш рет қатысып отырған «Авангард» шықты. Жеңіс дебютант ұжымға бұйырды.

Финалдық кездесудің алғашқы кезеңінде ”Авангард” ширақ қимылдап, Егор Зайцев пен Денис Анохиннің шайбаларының арқасында 2:0 есебімен алға шықты. Екінші жиырма минуттықта Анохин тағы екі шайбамен көзге түсті. Үшінші кезеңде ойын қарқынын одан сайын өрбітіп, «Барыс Аренада» жиналған жанкүйерлер 11 шайбаның куәсі болды.

Матчта ерекше көзге түскен Анохин бір ойында бес шайба салып, турнир тарихындағы үздік жеке нәтижелердің бірін көрсетті. Қорытынды есеп: «Локомотив» – «Авангард» 4:11.

Финалдан бұрын өткен үшінші орын үшін матчта астаналық «Барыс» пен Санкт-Петербургтің «Армия СКА» командасы мұзға шықты. Руслан Палаев пен Мухаммад Бекболов ұйымдастырған шабуылдардың арқасында «Барыс» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, қатарынан екінші жыл қатарынан UTLC Ice Cup турнирінің қола жүлдегері атанды.

Үздік ойыншылар:

Үздік қақпашы — Карим Қахарман («Барыс»)

Үздік қорғаушы — Степан Чурсин («Локомотив»)

Үздік шабуылшы — Мухаммад Бекболов («Барыс»)

Үздік бомбардир — Денис Бызов («Авангард»)

Турнирдің ең құнды ойыншысы (MVP) — Даниил Дорогин («Локомотив»)

Үздік снайпер — Денис Анохин («Авангард»)

UTLC Ice Cup турнирі биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жас хоккейшілерге тамаша мүмкіндік сыйлады.