«Ақтөбе» жастары «Ертіске» есе жіберді

Футбол
«Ертіс» ФК
Павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда «Ақтөбенің» жастарын ұтып, жеңісті сериясын жалғастырды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Командалар алғашқы таймда гол соға алмады, ал екінші таймда павлодарлықтар 51-минутта алға шықты — бұрыштамадан асырылған допты баспен Даниил Нырков қақпаға дәл бағыттады. Бұл гол матчтағы жалғыз гол болып, қонақтарға қатарынан екінші жеңіс әкелді.
Екі турдан кейін «Ертіс» алты ұпаймен Бірінші лига турнирлік кестесінің көшін бастады. Ал «Ақтөбе-М» 13-орынға сырғып түсті — әзірге бірде бір ұпай жинай алмады.