«Қазақ королі» WBA белбеуін қорғап қалды

«Қазақ королі» WBA белбеуін қорғап қалды
Бокс

Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (19-0, 13 KO), яғни «Қазақ королі» лақап атымен танылған спортшы, Астанада өткен бокс кешінде кезекті мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Бұл жолы Заурбек танзаниялық Азинга Фузилемен (18-2, 12 KO) қолғап түйістірді. Кездесу екінші жартылай жеңіл салмақта өтті және WBA Continental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу сарапқа салынды. Сұлтан бұл белбеуді қорғауға шыққан болатын.

Жекпе-жек он раундқа жалғасып, нәтижесінде төрешілердің бірауызды шешімімен Заурбек айқын жеңіске жетті.

Осылайша, ол кәсіпқой мансабындағы 20-шы жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық атағын сәтті қорғады. Ал Азинга Фузиле үшін бұл — кәсіпқой бокстағы үшінші жеңіліс.