Дмитрий Бивол барлық титулынан айырылуы мүмкін — промоутердің мәлімдемесі

Бокс
Fightnews
Жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Биволдың WBC белбеуінен бас тартуы бокс әлемінде қызу талқылануда. Бұл жағдайға қатысты RCC Boxing Promotions компаниясының бас директоры Герман Титов пікір білдірді. Бұл туралы Bassport.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
— Бивол командасы Бетербиевпен үшінші жекпе-жекті мақсат етіп отыр. Қанша белбеу сарапқа салынатыны маңызды емес. Бұл қарсыластықта титул емес, кімнің мықты екені ғана маңызды. Бұл трилогияның басты мәні де — осы. Менің ойымша, WBC шешімінен кейін дәл осындай қадамды WBO мен IBF ұйымдары да жасай алады. Өйткені, олардың да өз міндетті үміткерлері бар, — деді Титов.
Еске салайық, Бивол ақпан айында Артур Бетербиевті төрешілер шешімімен жеңіп, төрт белбеуді біріктіріп, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті чемпион атанған болатын.