Қазақстан триатлон құрамасы Азия чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті

Қазақстан триатлон құрамасы Азия чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті
Басқа

ҰОК

Гонконгте өткен триатлоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы айтарлықтай нәтиже көрсете алмады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Ерлер арасындағы бәсекеде ұлттық құраманың ең үздік нәтижесін Егор Крупяков тіркеді — ол сегізінші орынмен шектелді. Қалған спортшылар төменгі орындарға тұрақтады: Темірлан Теміров — 15-орын, Аян Бейсенбаев — 16, Дарын Қонысбаев — 17, Арлан Жанабай — 18, Александр Тен — 25, Мейірлан Ысқақов — 29-орынға ие болды.

Әйелдер арасында Диана Ержанова 19-шы, ал Милена Саприна 37-орынмен жарысты аяқтады.