«Қазақ стилі жоғалды» — Олимпиада чемпионы Қазақстан боксының басты мәселесін атады

«Қазақ стилі жоғалды» — Олимпиада чемпионы Қазақстан боксының басты мәселесін атады
Бокс

Zakon.kz

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазіргі қазақ боксының басты проблемаларының бірі — қазақ боксына тән ерекше стильдің жоғалуы деп санайды. Бұл туралы Bassport.kz «Дядя Ваня» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

— Меніңше, қазіргі таңда «қазақ стилі» жоғалып кетті. Біз рингте жүрген кезде әрдайым аяқпен қозғалып, тоқтамай жұмыс істейтінбіз. Қазіргі буын мүлде басқаша. Боксшыларды қозғалысқа мәжбүрлеуге тырысып жүрміз, бірақ олар кейде рингтің ортасында қазықша қатып қалады. Алдыңғы қолмен жұмыс істеу дегенді де ұмытып қалған. Сонымен қатар, көп жағдайда спортшылардың белсенділігі төмен — ұзақ үзіліс жасап, соққыға тек блокпен жауап береді. Бұрын біз ондайға жол бермейтінбіз. Қарсыласты психологиялық тұрғыда шайқалтып, екі-үш соққысын мүлт кетіріп, сенімін азайтуға тырысатынбыз, — деді Сәрсекбаев.