Қамшыбек Қоңқабаев Баходир Жалоловқа шапан тарту етті (ВИДЕО)

Бокс
Видеодан кадр
Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев Астанада Өзбекстанның атақты боксшысы Баходир Жалоловпен жолығып, оған күтпеген сый жасады. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.
Қос мықтының кездесуі достық реңкте өтті. Қоңқабаев өз қарсыласына құрмет белгісі ретінде қазақы шапан жауып, былай деді:
— Біз рингте қарсыласпыз, ал өмірде — доспыз.
Қамшыбек өз сөзінде Жалоловқа кәсіпқой бокста чемпиондық белбеулерді жеңіп алуына тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Баходир Жалолов Астанада украиналық Игорь Шевадзутскиймен жұдырықтасып, күтпеген жағдайда жекпе-жек толық қашықтыққа созылды. Дегенмен өзбек боксшысы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.