Дмитрий Бивол әлем чемпионы атағынан айырылды

Дмитрий Бивол әлем чемпионы атағынан айырылды
Бокс

Fightnews

Ресейлік боксшы Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) жартылай ауыр салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуінен бас тартты. Бұл туралы Bassport.kz америкалық танымал журналист Дэн Рафаэльге сілтеме жасап хабарлайды.  

Еске салайық, ақпан айында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен реванш жекпе-жекте Бивол төрешілердің шешімімен отандасы Артур Бетербиевті (21-1, 20 KO) жеңіп, осы салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанған болатын. Ол қазір WBA, WBO, IBF және IBO белбеулерінің иегері саналады.

Айта кетейік, Бивол мен Бетербиев арасындағы алғашқы кездесу былтыр қазанда өтіп, төрешілер шешімімен Бетербиевтің пайдасына аяқталған еді.