«Реал» жұлдызды ойыншысымен қош айтыспақ

«Реал» жұлдызды ойыншысымен қош айтыспақ
Футбол

NV sport

Мадридтік «Реал» клубы 33 жастағы қорғаушысы Лукас Васкеспен келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Bassport.kz Euro-football.ru және Todofichajes порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Клуб басшылығы тәжірибелі футболшымен еңбек шартын жаңартуды жоспарлап отырған жоқ. Қазіргі келісімшарт 2025 жылдың маусым айында аяқталады. Осыған байланысты ойыншыны өз қатарына қосуға Испанияның «Севилья» клубы мен Сауд Арабиясының «Аль-Кадисиясы» қызығушылық танытып отыр.

Лукас Васкес «Реал» сапында 2015 жылдан бері ойнап келеді. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны 3,5 миллион еуроға бағалануда. Биылғы Ла Лига маусымында Васкес 25 матч өткізіп, бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.