Батыр Жүкембаевтың WBA белбеуі үшін өткен жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Батыр Жүкембаевтың WBA белбеуі үшін өткен жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды
Бокс

Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 KO) Астанада өткен бокс кешінде шаршы алаңға шығып, кезекті маңызды жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Оның қарсыласы — Англия өкілі Кейн Гарднер (17-4, 7 KO) болды. Бұл жекпе-жекте WBA Continental Gold нұсқасы бойынша вакантты чемпиондық белбеу сарапқа салынды.

Бірінші жартылай орта салмақта өткен айқас он раундқа жоспарланған болатын және көпшілік Жүкембаев нокаутпен жеңіске жетеді деп күткен еді. Алайда Батыр тек төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Батыр Жүкембаев кәсіпқой мансабындағы 24-інші жеңісіне қол жеткізді, ал Кейн Гарднер бесінші рет жеңіліске ұшырады.