«Интер Майами» Мессидің болашағы жайлы хабарлады

«Интер Майами» Мессидің болашағы жайлы хабарлады
Футбол

sdn.ren.tv

«Интер Майами» клубының тең иесі, америкалық миллиардер Хорхе Мас аргентиналық жұлдыз Лионель Мессидің болашағы туралы болжам жасады, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Аргентиналық шабуылшының Флорида штатындағы клубпен қазіргі келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Алайда Мас Мессидің “Интер Майамимен” 2026 жылдың соңына дейін жаңа келісімге қол қоятынына үміттеніп отыр. 

– Мен капитанымыз әрі «он нөміріміз» Лионель Мессиді 2026 жылы клубтың жаңа стадионында көретінімізге сенемін. Қазір біз онымен клубтағы болашағы туралы сөйлесіп жатырмыз. Ол футболдан кеткен соң клубтың бір бөлігіне – нақты айтқанда, акционерлер қатарына қосылады. Месси бұл клубты өз балаларына мұра ретінде қалдырғысы келеді. Біздің арамызда өте жақсы әрі өзара құрметке негізделген қарым-қатынас бар. Мен оған тыныш өмір сүруге мүмкіндік беріп отырмын, – деп Масстың сөзін келтірді танымал журналист Луис Мазариегос.