Сатпаев Беллингеммен бір клубта ойнауы мүмкін
ҚФФ
Англияның беделді клубы «Челси» жас таланттарды қатарына қосуды жалғастыруда. Аталған команданың келесі нысанасына 19 жастағы жартылай қорғаушы Джоб Беллингем ілінді. Бұл туралы Bassport.kz Euro-football.ru және Todofichajes порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі уақытта Беллингем Чемпионшип өкілі — «Сандерленд» сапында өнер көрсетуде. 2023/24 маусымында ол 36 матчқа қатысып, 4 гол мен 3 нәтижелі пас тіркеген. Transfermarkt мәліметінше, ойыншының нарықтық құны — 22 миллион еуро. Оның «Сандерлендпен» жасасқан келісімшарты 2028 жылдың маусымына дейін жарамды.
Айта кетейік, 2025 жылдың ақпанында «Челси» «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаевпен келісімге келген болатын. Жас футболшы 2026 жылы жазда, 18 жасқа толған соң, ресми түрде лондондық клуб қатарына қосылады.
Осылайша, Дастан Сатпаев Джоб Беллингеммен бір командада өнер көрсетуі әбден мүмкін.