Паулу Фонсека: «Қарсыласымыз — шабуылға өте тиімді түрде шығатынын ұмытпауымыз керек»

Паулу Фонсека: «Қарсыласымыз — шабуылға өте тиімді түрде шығатынын ұмытпауымыз керек»
Футбол

static01.nyt.com

«Лион» командасының бас бапкері Паулу Фонсека Еуропа лигасының ширек финалының алғашқы матчында ағылшынның «Манчестер Юнайтед» клубымен болған тең ойын (2:2) туралы пікір білдірді деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

«Мен ойыншыларға олардың көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін, ойынды өз қолдарына алып, ешнәрседен қорықпай ойнағандары үшін мақтаныш сезімде екенімді айттым. Біз шеберлігіміздің деңгейін көрсеттік. Сол үшін ойыншылар мен командаға ризамын, бірақ нәтижеге толық қанағаттана алмаймын. Біз бұдан да көп нәрсеге қол жеткізе аламыз. Бірақ қарсыласымыз — шабуылға өте тиімді түрде шығатын «Манчестер Юнайтед» екенін ұмытпауымыз керек», — деді Фонсека УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Қарымта кездесу 12 сәуір, бейсенбі күні Манчестер қаласында «Олд Траффорд» стадионында өтеді.