Қазақстандық Юлия Путинцева қарсыласын тас-талқан еттI

Қазақстандық Юлия Путинцева қарсыласын тас-талқан еттI
Теннис

Zakon.kz

Bassport.kz хабарлауынша, Қазақстан құрамасының атынан екінші матчқа шыққан Юлия Путинцева Колумбияға қарсы ойнады. D тобының матчтары Аустралияның Брисбен қаласында өтіп жатыр. Путинцева қарсыласы Валентина Медиореал Арриасты екі сетте – 6:0, 6:1 есебімен жеңіп шықты. Ойын небәрі 38 минутқа созылды.

Кейінгі матчта Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина колумбиялық Юлиана Лизаразомен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасында Путинцева мен Рыбакинадан бөлек, Жібек Құламбаева, Зарина Диас және Анна Данилина бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Аустралия құрамасын жеңген болатын. 12 сәуір күні аустралиялықтар Колумбияға қарсы ойнайды.

Үш құрама әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады.