Ризабек Айтмұхан 2028 жылғы Олимпиадада алтын алуы мүмкін ба?

Күрес
Almaty.tv
Қазақстандық ММА спортшысы Артем Резников еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның 2028 жылғы Олимпиада ойындарындағы мүмкіндіктерін бағалады, деп жазады Bassport.kz «Вестник ММА» арнасына сілтеме жасап.
— Кайл Снайдер Ризабекті оңай жеңіп кетті. Бірақ Ризабек одан он жас кіші. Ол небәрі 21-22 жаста. Оның салмағы — 97 келі, бұл санатта спортшылар толық қуатына 25-26 жасында жетеді. Сондықтан Ризабек әлі толық физикалық күшіне енген жоқ деп ойлаймын.
Олимпиадада алтын алуы әбден мүмкін. Әлем чемпионатында ең мықты жеңсе, Олимпиадада жолы болған жеңеді. Снайдер — өте тәжірибелі, мықты балуан. Қазір жеңілгені – үлкен мәселе емес. Бір жылдан кейін Ризабек оны жеңіп кетуі де мүмкін, — деді Артем Резников.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан — еркін күрестен әлем чемпионы және Азия чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері.