Мбаппе «Алтын доптан» бас тартып, басты мақсатын атады

Мбаппе «Алтын доптан» бас тартып, басты мақсатын атады
Футбол

Әлеуметтік желі

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе жеке марапаттарға емес, командалық жетістіктерге көбірек мән беретінін айтты. Бұл туралы Bassport.kz RMC Sport-қа сілтеме жасап хабарлайды.

— «Алтын доп» — бұл жеке марапат. Бірақ мен әрдайым «Реал» сапында болудың баға жетпес құндылық екенін айтып келемін. Менің басты мақсатым — Чемпиондар лигасын жеңіп, клуб тарихының бір бөлшегіне айналу. Голдар? Әрине, гол соққанды жақсы көремін, бірақ ең бастысы — командалық трофейлер, әсіресе Ла Лига мен Чемпиондар лигасы, — деді Мбаппе.  

Франциялық супержұлдыз биыл жазда «Реал» сапына ауысып, 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойған болатын. Transfermarkt порталының мәліметінше, оның қазіргі нарықтық құны — 160 миллион еуро.