Гвардиола Хусановқа үмітін үзді ме? «Манчестер Сити» жаңа талантпен келісімшарт жасаспақ

Гвардиола Хусановқа үмітін үзді ме? «Манчестер Сити» жаңа талантпен келісімшарт жасаспақ
Футбол

Getty Images

Англиялық «Манчестер Сити» клубы өзінің жас түлегі Нико О’Райлимен жаңа келісімшарт жасауға жақын. Бұл туралы Bassport.kz The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Манчестерлік команда 20 жастағы жартылай қорғаушыға аптасына 25 мың фунт стерлинг жалақысы бар келісім ұсынып отыр. Жаңа шарт бойынша, ойыншы жыл сайын жалақысына үстеме алып отырады, сондай-ақ арнайы бонус жүйесі қарастырылған. Келісімшарт бес жылға есептелген, қазіргі таңда келіссөздер бірнеше апта бойы жалғасып жатыр.

Өткен аптада О’Райли АПЛ матчында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты — «Лестерге» қарсы кездесуде (2:0). Бұған дейін Англия кубогының ширек финалында ол Абдуқодир Хусановтың орнына екінші таймда алаңға шығып, екі нәтижелі пас беріп, командасын жеңіске жеткізген болатын. Дәл осы сәттен кейін Хусановтың негізгі құрамдағы орнына күмән туып, бапкер таңдауы О’Райлиге ауа бастағаны айтылуда.

«Сити» бас бапкері Хосеп Гвардиола жас талантты жоғары бағалайды және Коул Палмердің жағдайы қайталанбас үшін оны клубта сақтап қалуға ниетті. Еске салайық, Палмер «Челси» сапына ауысып, жаңа деңгейге көтерілген еді.

Нико О’Райли «Манчестер Сити» академиясына 2011 жылы алты жасында қабылданған. АПЛ-дың қазіргі маусымында ол төрт ойынға қатысып үлгерді. Оны болашақта Родридің орнын басатын ойыншы ретінде қарастырып отыр.