Нұрсұлтан Алтынбек Әлем кубогының ширек финалына шықты

Нұрсұлтан Алтынбек Әлем кубогының ширек финалына шықты
Бокс

ҰОК

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Алтынбек Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің 1/8 финалында жеңіске жетті.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз төрешілер шешімімен бразилиялық Майкл Триндадені жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Енді 1/4 финалда Алтынбек француз боксшысы Билал Беналимен жұдырықтасады.