«Барыс» хоккей клубының бас директоры: «Жақсы маусым өткіздік»

«Барыс» хоккей клубының бас директоры: «Жақсы маусым өткіздік»
Хоккей

“Барыс” ХК

«Барыс» хоккей клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев команданың ҚХЛ-дегі маусымын қорытындылады, деп хабарлайды Bassport.kz.

— Біз үшін бұл өте маңызды және жақсы маусым болды. Жаңа команда қалыптасты, негізгі мақсаттардың бірі – өз тәрбиеленушілерімізге мүмкіндік беру еді. Нәтижесінде, 16 ойыншымыз ҚХЛ-де дебют жасап, ұлттық және жастар құрамаларының мүшелері болды. Тағы 14 хоккейшіміз фарм-клубқа қосылды, ал 2007 жылғы жеті ойыншы алғаш рет ересектер деңгейінде ойнады.
Маусым оңай болған жоқ, біз барлық мәселелерді анықтадық және алдағы уақытта қай бағытқа басымдық беру керектігін түсіндік. Команда ішінде тамаша атмосфера қалыптасты, ойыншылар бір-бірін қолдап, кінәліні іздемейді. Бұл клубтың мәдениеті үшін өте маңызды, – деді Оразбаев.