«Амур» Дмитрий Шевченкомен келісімшартты бұзды

Хоккей
КХЛ
Хабаровскінің «Амур» хоккей клубы шабуылшы Дмитрий Шевченкомен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Шевченко «Амур» сапына 2023 жылдың жазында ауысқан болатын. 2023/2024 маусымында ол 66 матчта 33 (16+17) ұпай жинап, командадағы үшінші үздік бомбардир атанды. Алайда биылғы тұрақты чемпионатта 29 кездесуде тек 5 (1+4) ұпай ғана еншілей алды.
Тула хоккей мектебінің түлегі бұған дейін «Барыс» сапында өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының намысын әлем чемпионаттарында, соның ішінде элиталық дивизионда қорғаған.
Айта кетейік, қазіргі таңда «Амур» да, «Барыс» та ҚХЛ-дың плей-офф аймағынан тыс қалды.