Қазақстан хоккей құрамасы басты қарсыластарын ойсырата жеңіп, Азиада чемпионы атанды

Қазақстан хоккей құрамасы басты қарсыластарын ойсырата жеңіп, Азиада чемпионы атанды
Хоккей

Сали Сабиров

Харбинде өткен IX қысқы Азия ойындарында хоккей турнирі аяқталды. Финалда төрт дүркін чемпион – Қазақстан құрамасы турнирдің екі мәрте жеңімпазы Жапониямен кездесті.

Ойынның бірінші кезеңінде есепті Андрей Буяльский ашты. Екінші жиырма минуттықта Дмитрий Бреус пен Роман Старченко қарсылас қақпасына шайба соқты. Үшінші кезеңде ойын тіпті қарқынды өрбіді – Кирилл Панюков дубль жасап, есепті 5:0-ге жеткізді (1:0, 2:0, 2:0).

Қола жүлде үшін өткен кездесуде Оңтүстік Корея Қытайды 5:2 есебімен жеңді (0:1, 3:0, 2:1).

Финалдық нәтиже:

1. Қазақстан

2. Жапония

3. Оңтүстік Корея

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін 1996, 1999, 2011 және 2017 жылдары Азиада чемпионы атанған. Жапония 2003 және 2007 жылдары жеңіске жетсе (екеуінде де финалда Қазақстаннан басым түсті), Қытай 1986 және 1990 жылдары алтын алған.